«Севол» паромының қожайыны іздестірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Севол» паромының қожайыны іздестірілуде

11.06.2014
«Севол» паромының қожайыны іздестірілуде
Оңтүстік Кореяда сәуірде құрдымға кетіп, 300-ден астам адам қаза тапқан «Севол» паромының қожайыны іздестіріліп жатыр.
 
Алайда, бүгін 6 мыңдай полиция Ю Бен Ынды христиан-баптистер шіркеуінен таба алмады. Алдын-ала болжамдарға қарағанда, іздеудегі бизнесмен дәл осы шіркеуді басқаруы мүмкін және қаржы жымқырып, кеменің сапасыз жөнделуіне себеп болған.
 
Сонымен қатар, ол салық төлеуден жалтарып, оператор компанияның мүлкін заңсыз иемденді, деген күдік бар.
 
Корея үкіметі бұл кәсіпкер мен оның екі ұлын тауып берген адамға жарты миллион доллар сыйақы төлеуге әзір.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу