А.Меркель мен Д.Кэмерон ортақ пікірге келе алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Меркель мен Д.Кэмерон ортақ пікірге келе алмады

10.06.2014
А.Меркель мен Д.Кэмерон ортақ пікірге келе алмады
Германия, Ұлыбритания, Швеция мен Голландияның үкімет басшылары Еурокомиссияның болашақ басшысына қатысты ортақ мәмілеге келе алмады.
 
Төрт мемлекетің лидерлері Швецияның Харпсунд қаласында Еуроодақты реформалау жайын талқылау үшін бас қосқан.
 
Дегенмен, ең маңызды мәселе Еуропалық комиссияның жаңа президентін таңдау  еді. Ангела Меркель бұл жауапты қызметке Люксембургтің премьер-министрі Жан-Клод Юнкер лайықты деп есептейді.
 
Ал, Кэмерон Еуроодаққа мүше-мемлекеттер арасында тығыз саяси байланыстың орнауын қолдайтын Юнкердің кандидатурасын құптамайды. Қалай болғанда да, Еурокомиссияның жаңа президентінің есімі айдың соңында мәлім болады.
 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу