Табиғи апаттан 6 адам қаза тауып, 30-ы жараланды. Күшті желдің әсерінен түп-тамырымен жұлынған ағаштар адамдардың үстіне құлап, көлік жолдарын басып қалған.
Сағатына 150 шақырым жылдамдықпен соққан желден қоғамдық көлік қатынасы үзіліп, әуежайдың қызметінде де ауытқулар болды, метрода пойыз қозғалысы тежелді.
Жел мен жаңбыр елдің солтүстік-шығысына ойыса бастады. Синоптиктердің болжамынша, Ганновер мен Бременде бүгін түн суық болмақ.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ