Шыңжаңда терроризмге қарсы жаттығу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шыңжаңда терроризмге қарсы жаттығу басталды

10.06.2014
Шыңжаңда терроризмге қарсы жаттығу басталды
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында терроризмге  қарсы жаттығу басталды. Шараға 800-ден астам полиция, өрт сөндіруші мен медицина қызметкері қатысып жатыр.
 
Сценарий бойынша, мамандар пышақпен қаруланған адамдар мен көлікке мінген жанкештілердің шабуылын тойтарып, кепілдегілерді босату және жарылыстардың алдын-алуға тиіс.
 
Антитеррорлық жаттығу биыл Шыңжаңда 51-ші мәрте өткізіліп отыр. Шара соңғы кездері Шыңжаңда жиі шабуыл ұйымдастырып келген сепаратистік топтарға тосқауыл қоюға бағытталған. 
 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу