Тәуелсіздік туралы референдумға 100 күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік туралы референдумға 100 күн қалды

10.06.2014
Тәуелсіздік туралы референдумға 100 күн қалды
Шотландияда Ұлыбританиядан бөліну туралы референдумға 100 күндей уақыт қалды. Осыған орай Эдинбург және Глазго қалаларында егемендік туралы үгіт-насихат науқандары қызу жүріп жатыр.
 
Мұнайға бай Шотландияның ұлтшылдары билікті өз қолдарына алып, Лондоннан тәуелсіз саясат жүргізгісі келеді. Бірақ, олардың қарсыластарының пікірінше, Шотландия Британ королдігінің құрамында ғана мықты ел болып өмір сүре алады.
 
«Financial Times» газетінің хабарлауынша, шотландиялықтардың әзірге тек 35 пайызы тәуелсіздік идеясын қолдап отыр. Ал, 48 пайызы Ұлыбритания құрамында қалуға жақтас екен.
 
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу