Содырлар жүк тасымалдаушылар мен VIP рейстерге арналған ескі терминалға осыдан шамамен 17 сағат бұрын шабуыл жасады.
Соңғы мәліметке қарағанда, арнайы операция кезінде 27 адам қаза тапқан. Солардың 10-ы - террорист.
Пәкістан қарулы күштерінің генерал-майоры Ризван Акхтардың мәлімдеуінше, шабуыл жасағандар – этникалық өзбектер.
Бірнеше сағатқа созылған атыс салдарынан 7 лаңкес оққа ұшса, үшеуі өздерін жарып жіберді. Құрбандардың ішінде әуежай күзетшілері бар.
Шабуылды пәкістандық тәліптер өз мойнына алды. Айтуларынша, бұл қастандықты олар өз ауылдарын бомбалаған үкіметтен кек алу үшін ұйымдастырыпты.
Арыстан РЫСБЕК