Дегенмен, понтификтің ойынша, соғыстан гөрі бейбітшілік орнату батылдық пен күш-қайратты және табандылықты көбірек қажет етеді.
Дұғадан кейін Таяу Шығыстан келген екі мейман мен понтифик Ватикан бағына барып, бейбітшіліктің символы ретінде зәйтүн ағашын екті.
Ал, жабық есіктің ар жағында екі президенттің не туралы сөйлескені әзірге белгісіз.
Бірақ, кейбір бақылаушылардың болжамынша, мұндай қысқа кездесулердің өзі Палестина-Израиль мәселелерін шешу жолында үлкен маңызға ие болуы мүмкін.
Арыстан РЫСБЕК