Ал, бұдан бірнеше сағат бұрын ел билігі әуе айлағын шабуылшылардан толықтай босатқанын, қарулы топтың барлық 10 мүшесінің көзі жойылғанын мәлімдеген болатын.
Қылмыскерлердің қолынан 13 адам қаза тапқан. Құрбандардың көбі - әуежайдың қауіпсіздік қызметкерлері мен әуе компания жұмысшылары. Атыс 5 сағатқа созылған.
Шабуыл барысында әуе айлағына полиция киімімен кірген қаскөйлер 3 бірдей жарылыс ұйымдастырған. Операциядан кейін қауіпсіздік күштері олардан граната атқыштар мен бірнеше автомат тәркіледі.
Әзірге, қанды оқиғаны ешкім мойнына алмай отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ