Бразилияда метро қызметкерлері ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда метро қызметкерлері ереуілге шықты

09.06.2014
Бразилияда метро қызметкерлері ереуілге шықты
Сан-Паулу метрополитені футболдан Әлем чемпионаты басталатын маусымның 12-де жұмыс істемеуі мүмкін. 4 күн бойы ереуілдетіп жатқан метро қызметкерлері осындай ескерту жасады.
 
Наразылық акциясына қатысушылар - еңбек ақысын 12 пайызға көтеруді талап етіп отыр.   Ал, қала билігі олардың талаптарына құлақ аспаса, бейсенбіде пойыздар чемпионаттың ашылу салтанаты өтетін «Итакеран» алаңына да, басқа да нысандарға қатынамайды.
 
Сан-Паулуда 4,5 миллиондай адам күнделікті пойыздар арқылы қатынайды екен. Оның үстіне, футбол матчтары кезінде метро басты көлік түрі болмақ.
 
Бразилияның мемлекеттік ақпарат агенттігінің мәліметінше, 12 мемлекет және үкімет басшылары ойындардың ашылу салтанатына қатысуға ниет білдірген екен.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу