Лас-Вегас дәмханасындағы атыс кезінде 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лас-Вегас дәмханасындағы атыс кезінде 3 адам қаза тапты

09.06.2014
Лас-Вегас дәмханасындағы атыс кезінде 3 адам қаза тапты
Лас-Вегастағы дәмханада қаруланған екі адам оқ атып, қос бірдей полиция қызметкерін мерт қылды.
 
Көп кешікпей қылмыскерлер көшеде тағы бір адамды атып өлтіріп, кейін өз-өздеріне қол жұмсаған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің шерифі хабарлады.
 
Куәгерлердің сөзінше, қаскөйлер «төңкеріс басталды», деп айқайлап, оқ ата бастаған. Әзірге, олардың бұл қылмысқа неліктен барғаны белгісіз. 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу