АҚШ-тың Арканзас штатында алапат дауыл соғып, төпелеп жаңбыр жауды. Соңғы мәліметке қарағанда, Литтл Рок қаласында табиғи апаттан талай үй мен көлік қираған. Оған қоса қатты желдің екпініне шыдамай, ағаштар сынып, құлапты. Мерт болғандар жоқ, тек бір студент пен оның анасы жеңіл-желпі жараланыпты.
Айта кетсек, маусымның 5-де Арканзас пен Теннесси штаттарында дәл осындай дауыл мен тасқыннан 3 адам қаза тауып, бір пойыз жолдан шығып кетіп, туристік базаның шатыры ұшып кеткен еді.