Гуманоидтік роботтар келесі жылдан бастап сатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гуманоидтік роботтар келесі жылдан бастап сатылады

06.06.2014
Гуманоидтік роботтар келесі жылдан бастап сатылады
«SoftBank Corp» жапондық компаниясы келесі жылы ақпан айынан бастап, адамға ұқсас роботтарды саудаға шығарады.
 
Өнертапқыштардың сөзіне сенсек, мұндай гуманоидтар үй шаруасында өте пайдалы. Оның құны - 1900 доллар болмақ.
 
Жаңа робот науқас адамға қарап, бала бағып, дәрігерлік жәрдем көрсетеді, тіпті, иесінің досы да бола алады. Сондай-ақ, ол білім алып, өз сезімдерін білдіруге де қауқарлы.
 
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, механикалық адам осы аптада Жапонияда «SoftBank» байланыс салондарында пайда болып, дүкен клиенттеріне қызмет көрсете бастайды.
 
Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу