Өнертапқыштардың сөзіне сенсек, мұндай гуманоидтар үй шаруасында өте пайдалы. Оның құны - 1900 доллар болмақ.
Жаңа робот науқас адамға қарап, бала бағып, дәрігерлік жәрдем көрсетеді, тіпті, иесінің досы да бола алады. Сондай-ақ, ол білім алып, өз сезімдерін білдіруге де қауқарлы.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, механикалық адам осы аптада Жапонияда «SoftBank» байланыс салондарында пайда болып, дүкен клиенттеріне қызмет көрсете бастайды.
Мадина МҰҚАНОВА