Әлем лидерлері Нормандияға жиналуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем лидерлері Нормандияға жиналуда

06.06.2014
Әлем  лидерлері Нормандияға жиналуда
Бүгін Нормандияға одақастар әскерінің қонғанына тура - 70 жыл. ІІ Дүниежүзілік соғыстың айтулы оқиғасын атап өту үшін Францияға әлемнің 20-ға жуық мемлекетінің басшылары мен жүздеген ардагер жиналды.
 
Мәртебелі меймандардың ішінде Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ, принц Чарльз, АҚШ президенті Барак Обама мен Кремль басшысы Владимир Путин бар.
 
 1944 жылы 6-маусымда әйгілі теңіздік-десанттық операцияға қатысқан жауынгерлердің ең кішісі биыл 80 жасқа толды. Сондықтан, бүгінгі шара олардың көпшілігі үшін соңғы ірі мерейтой болуы мүмкін.
 
Мемлекет басшылары мен ардагерлер Уистрехам елді мекеніне жиналып, сол шайқастың қайта жасақталған үлгісін тамашалайды.
 
Айта кетсек, дәл осы маңдағы жағажайға осыдан 70 жыл бұрын одақтас елдердің мыңдаған десанты қонды.
 
Тарихи деректерге қарағанда, олардың саны 160 мыңға жуықтаған екен. Нормандия операциясының нәтижесінде Франция фашистік оккупациядан азат етіліп, арада 11 ай өткенде нацистік Германия біржола жеңіліске ұшырады.
 
Алайда, сауалнама қорытындыларына қарағанда, ресейліктердің көпшілігі екінші майданды одақтастар кеш ашты, деп есептейді.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу