Қытайда 9 адам террорлық үшін өлім жазасына кесілді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда 9 адам террорлық үшін өлім жазасына кесілді (ВИДЕО)

06.06.2014
Қытайда 9 адам террорлық үшін өлім жазасына кесілді (ВИДЕО)
Қытай соты террорлық қылмысқа барғаны үшін 9 адамды өлім жазасына кесті. Тағы 72-і түрлі мерзімдерге сотталды.
 
Үкім бірнеше іс тергелгеннен кейін шығарылды. Қылмыскерлердің мойындарына «адам өлтірді», «лаңкестік әрекеттер ұйымдастырды», және «өрт қойды» деген айыптар тағылған.
 
Соңғы кездері Қытайда террорлық шабуылдар жиілеп кеткендіктен, билік қауіпсіздік шараларын мейлінше күшейтіп, жүздеген адамды қамауға алып отыр.
 
Бейжің Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы зорлық-зомбылық үшін жергілікті сепаратистерді кінәлайды.
 
Алайда, кейбір сарапшылардың пікірінше, шабуылдардың көбеюіне Шыңжаңның экономикалық дамуынан ұйғырлардан гөрі ханзулардың көп пайда көруі себеп болуы мүмкін.
 
Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу