Уго Чавес туралы оқулықтар түрлі пікір тудырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Уго Чавес туралы оқулықтар түрлі пікір тудырды

06.06.2014
Уго Чавес туралы оқулықтар түрлі пікір тудырды
Венесуэла үкіметі елдің экс-президенті, марқұм Уго Чавесті мадақтайтын мектеп оқулықтарын басып шығарып, оның 42 миллион көшірмесін таратқан.
 
Оппозиция өкілдері мен түрлі сыншылардың пікірінше, бұл кітаптар Венесуэланың күллі тарихын идеологиялық тұрғыдан өзгертуге бағытталған.
 
«Оқулықтарда Чавестің рөлі Симон Боливардан да жоғары етіп көрсетілген», деген көзқарастар да туындап жатыр.
 
2011 жылы жарық көрген бұл кітаптарды үкімет бастапқыда барлық мектептерде оқылуға міндетті етпек болған.
 
Бірақ, оппозицияның қарсылығынан кейін шенеуніктер бұл райынан қайтты. Дегенмен, қазірдің өзінде Чавес туралы оқулықтар ел мектептерінің 80 пайызында қолданылады екен. 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу