Антитеррорлық рейд Үрімшіде мамырдың 22-де жойқын жарылыстан 39 адам қаза тапқаннан кейін басталды. Өткен айда 200-ден астам адам терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталған екен. Олардың кейбіреуі өлім жазасына кесілді.
Сонымен бірге, полиция автономиялық ауданда 23 радикалдық және лаңкестік топтың әрекетіне тосқауыл қойды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ