Асад жеңісін тойлау кезінде атыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асад жеңісін тойлау кезінде атыс болды

05.06.2014
Асад жеңісін тойлау кезінде атыс болды
Башар Асад Сирия президенті болып қайта сайланды. Сәрсенбі күні өткен президенттік сайлауда оған халықтың 88,7 пайызы дауыс берген. Бұл туралы сириялық парламенттің спикері Мұхаммед Джихад Лахам мәлім етті.
 
50 жылдан бері алғаш рет мемлекет басшысы лауазымы үшін Асад отбасының өкілімен бірге өзге екі үміткер күрескен. Алайда, жергілікті жұрт та, сарапшылар да Башар Асадтың жеңіске жететініне сенімді болды.
 
Ал саяси тартыс қорытындылары белгілі болған соң, Дамаскіде Башар Асадтың жеңісін тойлауға шыққан халық арасында атыс болды. Соның салдарынан үш адам қаза тапқан.
 
 
Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу