Детройтқа қаржылай көмек беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Детройтқа қаржылай көмек беріледі

04.06.2014
Детройтқа қаржылай көмек беріледі
АҚШ-тың Мичиган штатының сенаты  банкротқа ұшыраған Детройтқа қаржылай көмек беру бағдарламасын қабылдады.
 
Заң шығарушылардың дені - Құрама Штаттардың автомобильді ордасына штат қазынасынан 194,8 миллион доллар бөлу жөніндегі  заң жобасын мақұлдаған.
 
Енді бұл құжатқа  губернатор Рик Снайдер қол қоюы тиіс.
 
Жоспар бойынша, қаражаттан ең алдымен, зейнетақы төленбек. Детройттың зейнеткерлік тапшылығы жыл басында 3,5 миллиард долларға жеткен еді. 
 
Қаланың 18 миллиард долларға жеткен қарызын жабу үшін өнер институтындағы экспонаттар сатылуы мүмкін. «Кристис» аукцион үйінің есебінше, ондағы топтаманың құны - 450-870 миллион доллар.
 
Айта кетсек, былтыр желтоқсанның 3-де Детройт банкрот қала болып танылған-ды.
 
Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу