Бразилияда Әлем чемпионатына қарсы бейбіт шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда Әлем чемпионатына қарсы бейбіт шеру өтті

04.06.2014
Бразилияда Әлем чемпионатына қарсы бейбіт шеру өтті
Бразилияның Гояния қаласында  футболдан Әлем чемпионатына қарсы бейбіт шеру өтті.
 
200-ге тарта адам ойындар өтетін алаң жанына жиналып, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік салаға көбірек қаржы бөлуді талап еткен.
 
Демонстранттар Әлем чемпионатына және жергілікті үкіметке қарсы ұрандар тастады. Олар  жолдарды жауып тастап, көліктердің қозғалыс бағытын өзгерткен.
 
Шара кезінде бұдан басқа тәртіпбұзушылықтар тіркелген жоқ. Дегенмен, шеруге қатысушылардың мәлімдеуінше, полиция бұған дейін өткен наразылық акцияларын басуда көп күш қолданған.
 
Айта кетсек, маусымның 12-де басталатын Әлем чемпионатына 32 футбол командасы қатысады.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу