Құрама Штаттар билігі Богачевті Қылмыстық Кодекстің 9 бабы бойынша, оның ішінде компьютерлік алаяқтық пен ақша ұрлағаны үшін айыптап отыр.
Ресми деректерге сай, оның «Gameover Zeus» «жұқтырылған» компьютерлік жүйесі тек АҚШ аумағында азаматтардың шоттары туралы ақпарат алып, заңсыз түрде банктік транзакцияларды іске асырған. Сөйтіп, хакер 100 миллион долларды жымқырыпты.
Айта кетейік, Богачевқа дейін бұл тізімге Ресейдің өзге 5 азаматы енген болатын.
Мадина МҰҚАНОВА