Сенат депутаттары БҚО-дағы бірқатар өндіріс орнын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаттары БҚО-дағы бірқатар өндіріс орнын аралады

18.07.2019

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары БҚО-да бірқатар өндіріс орнын аралап, ұжымдармен кездесті. Сапардың мақсаты - аймақтарды аралап, көпшілікті мазалаған мәселелерге мән беру, қоғамның, экономиканың дамуына тежеу болып отырған тұстарды анықтау.

Мәселен, Орал трансформатор зауыты - өз өнімінің 90 пайызын шетелге экспорттайтын іргелі кәсіпорын. Компанияда өндіріске қажет кадр әзірлеу - басым бағыттың бірі. Сондықтан жергілікті колледждермен тағыз қарым-қатынас орнатылған.

Сондай-ақ, сенаторлар үй құрылысы комбинатында болып, мекеменің жұмысымен танысты.

Нариман Төреғалиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Комбинаттың бір пайдасы - бұл жылдам тұрғын үйлерді тұрғызады. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге үлкен көмегі бар.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу