Қоғам қайраткерлері елдегі саяси тұрақтылықты қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғам қайраткерлері елдегі саяси тұрақтылықты қолдайды

14.06.2019

Тұрақтылық пен келісім үйлесім тапқан да ғана болашаққа үмітпен қарауға болады. Елде тыныштық болса ғана, іргелі реформаларды іске асыруға мүмкіндік бар. Сондықтан, елдегі саяси тұрақтылық аса маңызды дейді қоғам қайраткерлері.

Тұрақтылық пен келісім үйлесім тапқан да ғана болашаққа үмітпен қарауға болады. Елде тыныштық болса ғана, іргелі реформаларды іске асыруға мүмкіндік бар. Сондықтан, елдегі саяси тұрақтылық аса маңызды дейді қоғам қайраткерлері.

Шәріпбек Жамалбеков, облыстық мәслихат депутаты:

Әлеуметтік салада үлкен өзгерістер болып жатыр. Жәрдемақы өсіп жатыр, балаларға жәрдемақы беріліп жатыр. Мен ойлаймын, бір мезгіл шүкіршілік жасап, бүгінгі тіршілікті ары қарай ауызбіршілік пен ынтымақпен қолымыздағы бар тіршілікті ары қарай нығайта беруіміз керек.

Мәрияш Кадралинова, философия ғылымдарының докторы, профессор:

Далаға шығып айғай шумен төбелеспен тағы басқа жамандықпен, біреулерді айдап слау - ол ешқандай жақсылыққа жетпейді. Қазақтың ең басты мықтылығы - бірлігі. Сол бірлікпен, ақылмен ғана жетеміз біз жоғары. Жеттік те. 30 жылда қандай ел болып қалдық. Ал енді тағы 30 жылда - біз өркениетті елдердің алдында боламыз.

Есен Күмісқали, Маңғыстау облысының құрметті азаматы, мемлекеттік қызмет және мұнай-газ саласының ардагері:

Жаңадан сайланған Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсіміне қатыстым. Өзінің сөйлеген сөзінде болашақта ел дамуының 10 басым бағытын айқындап берді. Оның әр қайсысы еліміз, халқымыз үшін өте маңызды. Әсіресе, халықтың табысын ұлғайты, жемқорлықпен күрес сосын жастардың өмірге араласуы, мемлекетті басқару ісіне араласуы осы мәселелер жөнінде өте тартымты, тұшымды әңгімелер естіп, және оны бүкіл Қазақстан халқы естіп, көрді деп айтамыз.

Хабарламаларға жазылу