Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы лауазымына тағайындалды. Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар оның кандидатурасын бірауыздан қолдап, келісім берді. Заңнамаға сәйкес, Президент ұсынған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындау Сенаттың келісімімен жүзеге асырылады.
Индира БЕГАЙДАР