Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына сайлануымен Пан Ги Мун құттықтады.
БҰҰ 8-ші Бас хатшысы жіберген жеделхатта «Қазақстан қазіргі уақытта орнықты дамуы мен инклюзивті өсімін айқын көрсетіп келе жатқан бірегей мемлекет» деп баға берілген.
Сондай-ақ, Пан Ги Мун мемлекет басшысының БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры қызметін атқарған кездегі жұмысы мен дипломатиялық тәжірибесін атап өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы қабілеттері Қазақстанды өркендетуге септігін тигізетініне сенім білдірген.