ШЫҰ-дан бақылаушылар келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ-дан бақылаушылар келді

04.06.2019

Шанхай ынтымақтастық ұйымы байқаушылары Қазақстанның 7 қаласында сайлау барысын бақылайды. Аталған миссия 25 мүше-мемлекеттің өкілдерінен тұрады. Олар заңнамалық, құқықтық салалары бойынша сауатты әрі жоғары санатты саясаткерлер дейді. Сайлаудың әділ өтуі үшін барынша күш салатынын атап өтті.

Владимир Норов, Шанхай ынтымақтастық ұйымы байқаушылар миссиясының басшысы - ШЫҰ Бас хатшысы:

7 маусымда толыққанды жұмысты бастап, 8 маусымда - тыныштық күні десек, 9-ында біздің өкілдер өз қызметін орындап, сайлау процесіне бақылау жүргізеді. Әлбетте, Қазақстанның сайлау заңнамасында біршама жаңашылдықтар барын біліп отырмыз. Бұл жаңашылдықтар ШЫҰ елдеріне де үлгі болары сөзсіз.

Хабарламаларға жазылу