Елімізде экономиканың басым бағыттарына ғылыми жаңалықтарды енгізу деңгейін арттыру үшін «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заң қабылданған еді. Заңның негізгі мақсаты - жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар жасаған жаңа технологияларды коммерциялық тұрғыда пайдалануды ынталандыру. Қазіргі кезде коммерцияландыру жобаларын іске асыру нәтижелері бойынша 31 жоба өнім шығару кезеңіне шығып, бюджетке 964 млн теңге түскен. Жұмыс орындары ашылды. Сенат спикері ғылыми жобалар маркетингін белсенді түрде жүргізіп, ғылыми қызметтер нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялау керектігін айтты.
Индира БЕГАЙДАР