Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 15 жаңа мектеп ашылды

06.05.2019

Үкімет пен әкімдер жұмысының негізгі индикаторы ретінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларға инвестиция тартуымен өлшенеді. Бүгін Үкімет сағатында Премьер-Министр Асқар Мамин осылай деді.

Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 15 жаңа жекеменшік мектеп ашылған. Нәтижесінде, қысылып-қымтырылып білім алуға мәжбүр болған 5 мың оқушы жаңа жерге көшті. Жыл соңына дейін тағы 18 мектеп ашылады. Денсаулық сақтау саласы да жекенің көмегінен құр алақан емес. Соңғы үш жылда 52 млрд теңгеге 111 денсаулық сақтау саласына қатысы бар шарт жасалған. Жалпы, Қазақстанда осы уақытқа дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 3 трлн теңгенің 1300 жобасы іске асқан.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- Біріншіден, бүгінгі баяндамашылар жобалардың сапасы бойынша мәселе көтерді. Осыған байланысты өңірлерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қарау кезінде бюджеттен шығындарды азайтатын жобаларға аса назар аударуды тапсырамын.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу