Мәжілісте киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды

26.04.2019

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында әскери кадрларды даярлау, киберқауіпсіздік тұжырымдамасы мен Елбасының тапсырмаларын іске асырудың маңызды бөлігі. Бұл тақырыпқа байланысты Мәжілісте отырыс өтті. Талқылау барысында киберқауіпсіздік саласындағы заманауи қауіптер мен қатерлерге оқу бағдарламаларын дағдылау, озық жабдықтар мен бағдарламалық өнімдермен қамтамасыз ету қажеттілігі айтылды.

Сондай-ақ, әлемнің жетекші әскери мекемелеріне әскери мамандар мен курсанттарды тәжірибе алмасу үшін жіберуге қатысты шешімін таппаған мәселелер әңгіме өзегіне айналды.

Индира БЕГАЙДАР

 

Хабарламаларға жазылу