Экспортқа шығарылатын тауарларды рәсімдеу кезінде кәсіпкерлер кедергілерге тап болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экспортқа шығарылатын тауарларды рәсімдеу кезінде кәсіпкерлер кедергілерге тап болады

25.04.2019

Сенат спикері Дариға Назарбаева негізгі проблема импорттау кезінде кездесетінін айтты. Яғни, сансыз анықтама сұралады, қағазбастылық көп. Сондықтан да экспорт бойынша рәсімдерге уақыт жұмсалатындығы туралы шағымдар жетеді.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бұл түйткілді шешу үшін экспортты ынталандыру картасы әзірленіп жатқанын жеткізді, барлық рәсімдер электронды түрге ауысуы мүмкін. Сенаттың жалпы отырысында депутаттар Еуразиялық Экономикалық Одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімді ратификациялады. Бұл елмен тауар айналымы артқан.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу