Тәуелсіздік жылдарында өңірлерді ауызсумен қамтамасыз ету үшін 540 млрд теңге жұмсалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік жылдарында өңірлерді ауызсумен қамтамасыз ету үшін 540 млрд теңге жұмсалған

22.04.2019

Алайда, көптеген елді мекендерде халық таза ауызсуға қол жеткізе алмай отыр. Осылай деген Сенат спикері Дариға Назарбаева ауызсу бағдарламаларын сынады.

Депутаттардың халықпен кездесуі барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту саласына жиі сын айтылады. Жалпы ауылдық округтердің 95 пайызы дотациялық және жоғарыда тұрған бюджеттерден алынатын трансферттермен қаржыландырылады.

«Халық ертең емес, тап бүгін оң өзгерістер күтіп отыр»,-деді жоғары палата басшысы. Осы ретте ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қалалар деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу оң өзгеріс алып келуі тиіс. 2020 жылы 1 қаңтардан 1360 округте бюджеттің төртінші деңгейі енгізіледі. Сенаторлар мәслихат депутаттарына үміткерлерді іріктеу критерийлерін әзірлеу керек екенін айтады.

 Төлеубек Мұқашев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

- Міндетті түрде мәслихат депутаттарын Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқытылуды ұсынамыз. Мәслихат депутаттары үшін тиісті жағдай жасау керек. Мәслихат депутаттарына ақы төлеу мәселесі осы күнге дейін шешілмей келеді.

Индина БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу