Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларына сай «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі», «Халыққа көмек» сияқты жобалар қолға алынғаны белгілі. Қостанайдағы Жылу энергетикалық компаниясында «Nur Otan» партиясы бастауыш партия ұйымының жиналысы өтіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға арналған осы ұлттық жобаларды тиімді жүзеге асыру жолдары талқыланды. Сонымен қатар алдағы қалалық партия конференциясына баратын делегаттар тізімі бекітілді.
Валерий Солодов, «Nur Otan» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары.
- Ең басты мәселе - конференцияға баратын делегаттарды ұсыну. Себебі бұл - еліміз үшін маңызды қадамның алғашқы сатысы. 23 сәуір күні өтетін кезектен тыс партия съезінде президент сайлауына «Nur Otan» партиясы өз кандидатын ұсынады. Бұған байланысты біздің өңірден барған делегаттар да ұсыныс-пікірлерін айтатын болады.
Дәуренбек ӘБДІБЕК