Елбасы Еуразиялық бастамасына – 25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Еуразиялық бастамасына – 25 жыл

11.04.2019

Биыл Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық бастамасына 25 жыл. Мәскеу мемлекеттік университетінде жарияланған бұл игі бастама қазірде іске асып, жемісін бере бастады. Биыл Еуразиялық экономикалық одақ бес жылдық мерейтойын атап өтеді.

Бүгін Нұрсұлтандағы «Назарбаев орталығында» «Идеядан шынайы бастамаға» атты халықаралық  конференция өтіп, осы тарихи оқиғаның мән мағынасы мен бүгінде қол жеткізілген жетістіктері сөз болды.

Виктор Садовничидің Мәскеу мемлекеттік университетін басқарып келе жатқанына 30 жылға жуықтады. 1994 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың аталған оқу ордасындағы  Еуразиялық бастамасы туралы айтылған жиынын жүргізді. Бүгінгі  конференциядағы басты спикерлердің бірі.

Виктор Садовничий, М.В Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры:

бүгін біз сол кездегі тарихи оқиғаны еске алып, оның нәтижелері мен  жетістіктерін талқылау үшін жиналдық. Нұрсұлтан Назарбаев біздің университетіміздің үлкен досы. Ол мәскеу мемлееттік университетінің құрметті профессеоры, құрметті докторы. Қазір университеттің қазақстанда бөлімшесі жұмыс істейді.

Жиын  делегаттарына Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин арнайы құттықтау жолдапты. Елбасы лебізін Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев оқып берді.

Дархан Қалетаев, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:

«Қазіргі ЕАЭО - сыртқы сауда айналымы 750 миллиард доллардан асатын үлкен нарық. Оның ІЖӨ мөлшері - екі триллион долларға жетті.  Жақын болашақта біз бұл одақты  Еуропа мен дамып келе жатқан Азия арасындағы сенімді көпір ретінде көріп отырмыз. Конференция қатысушыларына сәттілік тілеймін». Нұрсұлтан Назарбаев.

Еуразиялық экономикалық одақта қазір 180 миллион халық тұрады. Әлемдегі қазба байлықтың 4 тен бірі осында.

Ботагөз Қайыпова, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

Әр мемлекет қазіргі жаһандық үрдістердің барысында жеке түрде дамып жүре алмайды. Мынау серіктестік, ынтымақтастық, бұл қазіргі жаһандық үрдістердің негізгі сұранысы.

Сондай-ақ, конференция барысында Қазақстанның азаматтық альянсы мен Ресей қоғамдық палатасы әріптестік орнату туралы уағдаласты.  Бұл да Елбасы негізін салған Еуразиялық бастаманың бір мысалы.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу