Бейбіт Атамқұлов ЕҚЫҰ төрағасымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт Атамқұлов ЕҚЫҰ төрағасымен кездесті

08.04.2019

Жұмыс барысымен Қазақстанға келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Мирослав Лайчак еліміздің Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесті. Биыл бұл ұйымға Словакия төрағалық етіп отыр. Министр құрметті қонақты халықаралық ұйымға төрағалығының тиімді басталуымен құттықтап, барлық бастамаларына қолдау танытуға дайын екендігін жеткізді. Қос тарап ынтымақтаса жұмыс істеудің тетіктерін талқылап, болашақ жоспарларды түзді.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Біз Қазақстан мен Словакия қарым-қатынасына жоғары баға беріп отырмыз. Сондай-ақ, саяси және экономикалық байланыстарды сақтау маңыздылығына ерекше назар аудардық. Жалпы, келіссөздер қорытындысы бойынша біз барлық деңгейдегі диалогты күшейтуге және ынтымақтастықты жүйелі түрде тереңдетуге бағытталған жұмыстарды жалғастыра беретін болып келістік.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу