Данияр Ақышев ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Данияр Ақышев ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

28.02.2019

Елде кадрлық ауыс-түйіс жалғасуда. Ұлттық банктің экс-төрағасы жаңа қызметке кірісті. Данияр Ақышев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

43 жастағы Данияр Ақышев Алматы қаласының тумасы. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі, экономист. Жетекші экономист қызметінен бастап, әр жылдары Ұлттық банкте түрлі лауазымды қызметтерде болды.

Сонымен қатар, Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор. Осыған дейін Түркістан облысының әкімі болды.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу