Түркістан облысының әкімі ауысты. Енді оңтүстік өңірді Өмірзақ Шөкеев басқарады. Осыған дейін ол Ауыл шаруашылығы министрі және Премьер-Министрдің орынбасары қызметтерін қатар атқарған болатын.
53 жастағы Өмірзақ Естайұлы Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген. Еңбек жолын қатардағы қызметтен бастап, Президент аппаратында, министрлер кабинеті, Премьер-Министрдің орынбасары қызметтерін абыройлы атқарған. Сонымен қатар, әр жылдары Экономика министрі, Экономика және сауда министрі, «Тұран Әлем Банкі» АҚ-ның басқарма төрағасы, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласының әкімі болды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын да басқарды.
Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.