Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

26.02.2019

Бүгін Ақтөбе облысының жаңа әкімі тағайындалды. Президент Жарлығымен өңірді Оңдасын Оразалин басқарады. Премьер-Министр Асқар Мамин облыс әкімдігінің активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырды.

Естеріңізге салайық, облыстың экс-әкімі Бердібек Сапарбаев кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған еді.

Оңдасын Сейілұлы 56 жаста. 1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын оқытушылық қызметтен бастаған. Ол ұзақ жылдар бойы басшылық қызметте жүрді. 2000 жылы Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы әкімі, кейіннен басқарма, департаменттердің басшысы болды. 2 жыл Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін де атқарған. Ал, 2006 жылдан бастап Президент Әкімшілігінде түрлі лауазымды қызметтерде болды. Соңғы тағайындалуға дейін Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу