Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды

25.02.2019

Үкіметтегі ауыс-түйістер – бүгінгі күннің басты жаңалығы. Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министр болып Асқар Мамин тағайындалды.

Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Ақмола облысының тумасы. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын және Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. Бұған дейін «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ны басқарып, Астана әкімі, Көлік және коммуникация министрі болған. 2016 жылдың қыркүйегінен бастап бірінші вице-премьер қызметін атқарып келді.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу