Бірқатар өңірдің және республикалық маңызы бар қала басшылары көпбалалы отбасыларға және өзге де мұқтаж азаматтарға көмек көрсету үшін қосымша қаржы тапты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.
Мемлекет басшысы әлеуметтік көмек алуға қолжетімділікті жеңілдету, көпбалалы отбасылар үшін жәрдемақы төлемдерін жетілдіру, жалдамалы пәтерлердің қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырған. «Бұл ретте орталық және жергілікті атқарушы органдар, өңір әкімдері тапсырманы жүзеге асыруы тиіс», - деді баспасөз хатшысы.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.