Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер екінші оқылымда мақұлданды.
Заң жобасының маңыздылығына тоқталған палата спикері Нұрлан Нығматулин құжаттың Мемлекет басшысының бизнес ортаны одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленгенін атап өтті. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, мақұлданған түзетулер кәсіпкерлікті қолдауға жаңа серпін береді. Онда жаңа кәсіпорындар ашу, несие алу, құрылысқа рұқсат беру және салық салу талаптары жеңілдетілген.
2020 жылдан бастап тауарларды таңбалау және сауда-саттық қызметінде кассалық бақылау құралдарын пайдалану ережелері енгізілді. Депутаттардың ұсынысы бойынша, осы заң жобасында қарастырылған өнімдерді таңбалаумен өндірушілердің өздері немесе құрылатын бірыңғай өнімді таңбалаушы операторлар айналысады.
Индира БЕГАЙДАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.