Бұдан былай Инвестициялар комитеті мен «Қазақинвест» ұлттық компаниясы Сыртқы істер министрлігінің құрамына енді. Бұл біріншіден, дамыған елдердің үздік тәжірибесімен ұштасып жатыр. Озық 30 елде дипломаттар инвесторлар мен экспорттық тауарлардың сатылуына жауапты. Екіншіден, сауда соғысы, протекционизм, капиталдың дамушы елдерден кетуі секілді бірқатар факторлар белең алды. Қалыптасқан жағдай жаңаша көзқарасты талап етіп отыр. Сол себепті, сыртқы саясаттың өзгерістерге сай болуы - басты міндет. Үшіншіден, бір жұмысты бірнеше мекеменің атқаруы дұрыс емес. Соңғы өзгерістер бір-бірін қайталайтын қызметтерді болдырмайды.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.