Лондонда «Брекситті» жақтаушылар шерулетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда «Брекситті» жақтаушылар шерулетті

10.12.2018

Жексенбіде Лондон көшелерінде «Брекситті» жақтайтын мыңдаған адам шерулетті. Олар премьер-министр Тереза Мэйденнен Еуроодақтан шығу туралы келісімді қайта қарауды талап еткен.

Ертең Корольдік парламенті бір ай бұрын жасалған келісімді дауысқа салады. Онда ең даулы мәселе Біріккен Корольдік құрамындағы Солтүстік Ирландия мен Еуропа одағының мүшесі Ирландия Республикасы арасындағы шекара мәртебесі көтеріледі.

Депутаттардың көбі оған қарсы дауыс береді деген болжам бар.

Тағы бір айта кететін жайт, жексенбілік шеруде «Брекситті» қайта дауысқа салуды талап еткендер де болды.  Мәселен, «Жасылдар  партиясы» осы проблема бойынша тағы да референдум өткізу үшін петиция жинаған.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу