Біздегі бензин бағасының көтерілуі көрші елдерде жанар-жағармай бағасының өсуімен тікелей байланысты. Бүгін Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин бензин тапшылығы мен оның бағасының өсуіне қатысты мәлімдеме жасады.
Елімізде соңғы 3 жылда АИ-92 бензинінің бағасы 4 рет көтеріліпті. Жанар-жағармай бағасының өсуі, әсіресе, қоғамдық көлік жүргізушілеріне ауыр тиіп отыр. Олар бензиннің бағасы 128 теңге болып бекітілгелі, күнделікті шығынның көбейгенін айтады.
Айдана ҮСЕНБАЙ