Сондықтан, жеткізілетін тауардың 45 пайызына кедендік баж салығы салынады. Осылай деген сенатор Дариға Назарбаева Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың атына депутаттық сауал жолдады. «Бұл мемлекеттік бюджеттің шығынына әкеледі»,- дейді ол.
Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Зерттеу нәтижелері әйкес емес, бұл салада жемқорлық бар екенін көрсеткен. Мәселен, Қытаймен тауар айналымында статистикалық мәліметтер 11 тауар тобы бойынша 50 пайыздан астамға азайтылған. Қытайдан әкелінетін тауарлардың 60 пайыздан 90 пайызға дейінгісі контрабандалық саналады. Қазақстанның кеден органдары АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Пәкістан, Ұлыбритания мен басқа да елдермен тауар айналымы бойынша статистикалық мәліметтерді дұрыс көрсетпейді. Бұл - елімізге контрабандалық тауарлардың жеткізілетінінің дәлелі.
Ал, сенатор Владимир Волков биыл елімізде тәркіленген жалған банкнот сомасы 18 млн. теңгеге жуықтағанын айтты. Қазір Қазақстанда 1 миллион банкнотқа 3 жалған ақшадан келеді деп сауал жолдады. Криминалдық топтар жалған ақша жасауды кәсіби деңгейге жеткізіп, жолға қойып алған. Сондықтан, түпнұсқаны жалған валютадан айыру барған сайын қиындап барады. Көбіне 10000 теңге (36,5 пайыз), 2000 теңге (36,3 пайыз), 1000 теңге - (6 пайыз) жасалады.
Индира БЕГАЙДАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.