Мәжіліс депутататтары ауыл шаруашылығында шешілмеген мәселе шаш етектен дейді. Бұл - жұмыстың жүйесіз жүргізілуіне байланысты. Соның салдарынан шаруалар мен диқандар зардап шегіп отыр. Мәселен, қазіргі таңда қазақстандық ветеринарлық және санитарлық сертификаттар шетелде мойындалмайды. Сәйкесінше, біздің елдің өнімдерін шекара асырып, саудалау қиынға соғып тұр. Жақында ғана Ресейдің шекарасынан қазақстандық ет кері қайтарылған. Ал, қытайлық әріптестермен бұл бағытта келіссөздер жүргізілуде.
Жексенбай Дүйсебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қайтару мәселелері болмауы үшін, өзекті мәселелер туындамау үшін ұйымдастыру, басқару жүйелері, профилактикалық жүйелер бүгін талқыланатын болады.
Индира БЕГАЙДАР