Еліміздің бірқатар өңірінде тілдерді оқытуға арналған мемлекеттік орталықтар мүлдем жоқ. Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар облыстарында бірде-бір мемлекеттік мекеме жоқ. Ал, кейбір облыстарда бір ғана орталықтан бар. Латын әліпбиіне көшу барысында мұндай орталықтардың әлеуетін арттыру - аса маңызды. Бұл туралы Үкімет отырысында талқыланды.
Жалпы, елімізде мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 93 пайызға жетті. «Тілдерді дамытудың алдағы 5 жылына арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажет», - деді Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев.
Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.