Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов жұмыс сапарымен Бельгияға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов жұмыс сапарымен Бельгияға барды

23.11.2018

Министр Брюссельде өтетін Еуропалық Одақ - Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің XIV  отырысына қатысады. Жиын алдында министр Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могеринимен кездесті. Екеуара әңгімеде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақты одан сайын бекемдеу жайы сөз болды. Сондай-ақ, тараптар Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты келесі жылы қабылданатын жаңа стратегиясын талқылады. Жаңа құжатта аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау, сандық технологияны дамыту, есірткі саудасымен, лаңкестікпен күрес сынды өзекті мәселелер қамтылады. Аймақтың көшбасшысы Қазақстанның тың ұсыныстары стратегияға енгізіледі.   

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу