Қ.Тоқаев ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы Г.Церетелиді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы Г.Церетелиді қабылдады

19.11.2018

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік ассамблеясының төрағасы Георгий Церетелиді қабылдады. Кездесуде Қазақстан мен халықаралық ұйым арасындағы әріптестіктің келешегі талқыланды. Сенат спикері көлік, киберқауіпсіздік, заң үстемдігі, терроризммен күрес бағытында бірлесе атқарылатын жұмыстардың көп екендігін атап өтті. Ал, Георгий Церетели Қазақстанды «ұйымның маңызды әріптесі» деді. Осы орайда, ортақ сын-тегеуіріндерге қарсы тұру үшін қарым-қатынасты одан әрі дамытуға күш салатынын айтты.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу