Елбасының қабылдауында болған Дмитрий Медведевпен Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев та кездесті. Ресей премьер-министрінің ресми сапары аясында екі ел Үкімет басшыларының кеңейтілген отырысы өтті. Тараптар қос мемлекеттің қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтті. Қазір Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы 11,3 млрд. доллар. Бұл жолғы келіссөздер осы ынтымақтастықтың қарқынды дами түсуіне сеп болуы тиіс. Бақытжан Сағынтаев Ресейде жаңа экономикалық кезең басталып жатқанын айтып, сәттілік тіледі. Ал, Дмитрий Медведев екі ел ынтымақтастығының маңыздылығын ерекше атап өтті.
Айта кетейік, Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев ертең ТМД елдері Үкімет басшыларының кеңесіне қатысады. Жиында мемлекеттердің түрлі саладағы серіктестігін нығайтуға бағытталған ең өзекті мәселелер талқыланады.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.