БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған бағдарламасы аясында мүше мемлекеттердің экономикасы 20 жылда 8 есеге өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған бағдарламасы аясында мүше мемлекеттердің экономикасы 20 жылда 8 есеге өскен

20.09.2018

БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасы аясында мүше мемлекеттердің экономикасы 20 жылда 8 есеге өскен. Оның ішінде Қазақстанның көрсеткіштері де айтарлықтай артқан. Бұл туралы Алматыда басталған экономикалық форумда айтылды. Аталған бағдарлама шеңберінде мемлекеттер арасында ортақ тауар айналымы да 10 есеге көбейген. Ал, 20 жыл бұрын жалпы экономика көлемі 40 . АҚШ доллар болса, биыл 343 млрд-қа жетті. Сондықтан, мамандар ортақ сауда айналымын жетілдіріп, экология, энергетика мәселелерімен бірге трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану тетіктерін талқылады.

Қайрат Төребаев, ҚР Ұлттық экономика министрлігі халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры:

- Негізі басқа жерде ондай бағдарлама жоқ. Сондықтан, біз әр түрлі ұлттық мәселелерді, БҰҰ қойған мақсаттарын орындауға тырысып отырмыз. Негізі біздің саудамыз басқа мемлекеттерге қарағанда өте қарқынды өсіп жатыр.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу